Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан қазақстандықтардың есімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан қазақстандықтардың есімі жарияланды Фото: depositphotos.com / soosjozsef

ТЖМ Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ Ақтаудағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төменде қазақстандықтардың деректері берілген:

  • Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен тұрғыны.
  • Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен тұрғыны.
  • Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 жылы туған, туған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны.
  • Шаймерденова Гауһар Жұмағатқызы, 17.07.1975 жылы туған, туған жері: Алматы қ., Астана тұрғыны.
  • Жұмағат Эльдар 23.08.2013 жылы туған, Астана тұрғыны.
  • Джутаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 жылы туған, туған жері: Қостанай облысы, Қарағанды тұрғыны.

Айта кетейік, алғашқы хабарлар 11:20-да келіп түскен, сол кезде Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ Ақтауға жедел қону үшін сұраныс жасағаны туралы айтылды.

Грозный әуежайының баспасөз қызметі мәліметіне сәйкес, ұшақтың бағытын өзгертуге қалың тұман себеп болған. Ұшақ алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға қайта бағытталған.

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі.

Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды. ТЖМ тірі қалғандар бар екені туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети