Фото Теngrinews.kz мұрағатынан
Ақтөбе облысында төрт адам жол-көлік оқиғасының құрбаны болды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Ақтөбе облысында төрт адам жол-көлік оқиғасының құрбаны болды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Жол апаты Ақтөбе - Астрахань тас жолының 19-шақырымында болды. Opel және Toyota автокөліктері бетпе-бет соқтыққан. Төрт адам оқиға орнында жан тапсырды. Аман қалған 6 жолаушы жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізілген. Олардың арасында 1,5 жасар сәби бар. Баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқиға орнында полицейлер апаттың себептерін анықтауға кірісті. Қылмыстық іс қозғалды.