Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірінде қайғылы оқиға болды. Бүлдіршіннің үстіне сөре құлап кетті, - деп хабарлайды "Диапазон".
Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірінде қайғылы оқиға болды. Бүлдіршіннің үстіне сөре құлап кетті, - деп хабарлайды "Диапазон".
Оқиға Ақтөбе қаласынан батысқа қарай 100 шақырымдағы Қобда ауылында болды. Бала бассүйек ми және миының ауыр деңгейдегі жарақатымен балалар ауруханасына жеткізілді. Ол жан сақтау бөлімінде екі күн жатқаннан кейін есіне келместен көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ал мамыр айында осыған ұқсас оқиға Астанада болды. Балабақшада жамбасы сынған екі жасар бүлдіршіннің ата-анасы мекеме қызметкерлерін салақтық көрсетті деп айыптады. Қыздың анасы Зейнегүл Қөжемқұлованың айтуынша, оның қызы сол күні балабақшаға тұңғыш рет барған. Анасы балабақшаға келген кезде қызы бөлмеде жалғыз жылап жатыпты. Екі жасар қыздың қалайша жарақат алғанын ешкім түсіндіріп бере алмаған еді.