Ақтөбе облысында 10 жастағы бала тоққа түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Ақтөбе облысында 10 жастағы баланы жаңа саябақта тоқ соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 10 жастағы баланы жаңа саябақта тоқ соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектеп оқушысы тоқ соққаннан кейін ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға 19 маусымда Шалқар қаласындағы жаңа саябақта болған. Бала санитарлық авиациямен облыс орталығына шұғыл жеткізілді.

"10 жастағы бала жедел жәрдем бригадасымен Шалқар аудандық ауруханасына жеткізілді, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мамандарымен бейнебайланыс арқылы консилиум өткізілді. Ұсынымдар орындалды. 20 маусымда санавиация желісі бойынша науқас облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді, жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр. Қажетті ем жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Саябақ аумағындағы барлық электр желісі тексеріліп жатыр. Нысан құрылысына және қауіпсіздігіне жауапты адамдар жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

"Бала саябақтағы шамның үстіне шыққан. Сол сәтте оны тоқ соққан. Бұл – жаңа шағын саябақ. Жеңіс күні ашылған болатын. Оқиғадан кейін полицейлер оқиға орнын қарап шықты. Ашық сымдар анықталған жоқ, бала шам бағанасына шығып кеткен", – деді Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов.

Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды. Әкімнің айтуынша, қайғылы жағдай болған саябақ биыл 9 мамырда ашылған.

Әкімнің мәліметінше, саябақты абаттандыруға шамамен тоғыз миллион теңге жұмсалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети