16 ақпан 2015 | 14:51

Ақтөбе облысында 7 мас жасөспірім ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kb-yola.ru ©kb-yola.ru

Ақтөбе облысында қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 7 жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар "Жасөспірім" жедел-алдын алу іс-шарасы барасында қолға түсті.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 7 жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар "Жасөспірім" жедел-алдын алу іс-шарасы барасында қолға түсті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізілген шара нәтижесінде ішкі істер органына 200-ден аса жасөспірім жеткізілді. Олардың 140-ы жақындарының қарауынсыз, ал жетеуі алкоголь ішімдігін ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген. Шара барысында баланы тәрбилеудегі міндеттерін орындамаған 10 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Ішкі істер органдарының есебіне 50 жасөспірім алынды, олардың 30-ы жағдайы төмен отбасынан шыққан, ал 8 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Жүргізілген шараның негізгі бағыты заңды өкілдерінсіз көңіл көтеретін орындарда жүрген, қаңғып, қайыр тілеп түрген, ішімдік ішкен жасөспірімдерді және оларға спирттік ішімдік және шылым сатқандарды анықтау", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, іс-шараға 400 адам қатысты, оның ішінде 250 тәртіп сақшысы және білім беру, денсаулық сақтау, прокуратура, "Нұр Отан" партиясы, жастар ұйымдары мен ата-аналар комитетінің өкілдері бар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети