Ақтөбе облысында 80 келі шаянды заңсыз аулаған тұрғындар ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 80 келі шаянды заңсыз аулаған тұрғындар ұсталды Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының полицейлері 80 келі шаянды заңсыз аулаған БҚО тұрғындарын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының полицейлері 80 келі шаянды заңсыз аулаған БҚО тұрғындарын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 қазанда Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Ақкемер ауылынан 5 шақырым жерде полиция қызметкерлері облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қиыл өзенінің арнасында балық ресурстарын заңсыз аулаған Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынын ұстады.

"Ұсталғандардан жалпы салмағы 80 келіден асатын 5 қап шаян тәркіленді. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері рейдтік жұмыстар барысында сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктерді, жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын пайдалануға тыйым салу талаптарын бұзудың 17 дерегі, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз пайдаланудың 2 дерегі, заңсыз аң аулаудың 2 дерегі және ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің 1 дерегінің жолын кесті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети