Ақтөбе облысында автобус жол апатына ұшырап, тоғыз адам қаза тапқан оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысында автобус жол апатына ұшырап, тоғыз адам қаза тапқан оқиғаның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысында 52 адам отырған автобус аударылып кетті. Оқиға Ақтөбе облысындағы Қарабұлақ ауылының маңында болған. Волгоград - Шымкент бағытында кетіп бара жатқан екі қабатты автобус ішінде 52 адам болған. Ондағы 50 адам Өзбекстан, ал екеуі Қазақстан азаматы болған.
Автобустың аударылуынан Өзбекстанның 9 азаматы мерт болып, 18 адам ауруханаға жеткізілді (оның бірі Қазақстан азаматы). 25 адамға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. РИА Новости мәліметінше, Қазақстан аумағында жол-көлік оқиғасына ұшыраған автобустың ішінде Ресей азаматтары болмаған.
Жол апаты болған орынға Қарабұлақтағы Апат медицинасы орталығынан 9 құтқарушы мен 2 техника жөнелтілген. Ал облыстық ТЖД қызметінен 7 адам және бір техника жіберілді. Сонымен бірге, оқиға болған жерге екі жедел жәрдем көлігі мен полицейлер барған.