Ақтөбе облысында әкім өлі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында әкім өлі табылды Фото:gov.kz

Ақтөбе облысында Темір қаласының әкімі өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында Темір қаласының әкімі өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін бірқатар БАҚ әкім Еркін Далмагамбетовтің мәйіті 20 желтоқсанда кешке өз үйінің ауласынан табылғанын хабарлаған болатын.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті әкімнің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. Оқиға бойынша тергеу басталған.

"Полиция суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаменті.

Айта кетейік, Темір қаласы әкімдігінің ресми сайтында қала әкімі ретінде Еркін Далмагамбетов көрсетілген. Ресми деректерге сәйкес, ол 2024 жылдың маусымында Темір қаласының әкімі болып тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.02  course down  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети