1 қыркүйекте ер адамдар Шалқардан УАЗ "Фермер" автокөлігімен Ырғыз ауданында жоғалып кеткен бір табын жылқын іздейміз деп шығып кетіп, бүгінге дейін хабар-ошарсыз. Туыстары полицияға арыз жазып, әлеуметтік желіде іздеу жариялады, - деп жазады "Диапазон".
1 қыркүйекте ер адамдар Шалқардан УАЗ "Фермер" автокөлігімен Ырғыз ауданында жоғалып кеткен бір табын жылқын іздейміз деп шығып кетіп, бүгінге дейін хабар-ошарсыз. Туыстары полицияға арыз жазып, әлеуметтік желіде іздеу жариялады, - деп жазады "Диапазон".
"31 тамызда менің ағаларым Мейіржан мен Мейірхан Қарақовтар Ақтөбеден Шалқарға шықты. Олар 1 қыркүйекте Шалқардағы туыстарымыз Әлімжан Есбосынмен және оның үш танысымен бірге - біз оларды танымаймыз,жылқы іздеуге шыққан", - деді жоғалған ағайындылардың туысы Ақнұр.
Оның айтуынша, сол күннен бері олар хабарласпаған. "Олар УАЗ көлігімен шығып, қосымша бензин, азық-түлік және жатар орынды мотоциклге басқан. Шамамен 10 күннен соң қайтып келетіндерін айтты. Не болғанын біз білмейміз. Уақыт өтіп жатыр, олар әлі хабарсыз. Телефондары жауап бермейді. Бізде тек ағаларымыздың телефондары ғана бар, қалған үш жігіттікі жоқ. Олар ағаларымызға жылқылардың қайда жүргенін айтып, табуға көмектесеміз деген екен", - деді жоғалған жігіттердің қарындасы.
Әйелдің айтуынша, олар туыстарына хабарласқан. Табын Қарақов Бақбергенге - Мейіржан мен Мейірхан Қарақовтың әкесіне тиесілі екен.
"Менің ағаларым Ақтөбеде тұрады. Табын Байғанин ауданыда жоғалған. Есболсын Әлімжан, малдың қайда жүргенін білетін адамдар барын айтқан. Мейіржан мен Мейірхан Шалқарға барды, ары қарай олар малды іздеуге кеткен. Туыстары үш адамның үйлеріне келіп, малдың қайда жүргенін білетіндерін айтқан, алайда аты-жөндері белгісіз. 6 қыркүйекте Бақберген Қарақов Заречный полиция бөлімшесіне арыз берген. Онда бұл іспен криминалдық полиция айналысып жатқанын мәлімдеген, алайда іс алға жылжып жатқаны байқалмайды. ІІД-ге арыз жазған. Тікұшақ жұмылдыру керек сияқты, бірақ қанша күн өтті... Қандай да бір мәліметтерді білетін адамдарға мына нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: Қаракова Лида 8 (705) 144-94-07 , 87023755188 Есбосынова Ақнұр, Насиева Асылханым 8 (701) 318-56-82", - деді Ақнұр.
Әімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған жігіттердің әкесі Бақберген Қарақов облыстық әкімшілікке жазған. Осы мәселе Ақтөбе облыстық әкімдігі басшылығының бақылауына алынған.