14 наурыз 2016 | 15:37

Ақтөбе облысында әйел адам мұзда тайып құлап, қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында 46 жастағы әйел есік алдында тайып құлаған. Ауыл тұрғынын дереу ауруханаға жеткізгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында 46 жастағы әйел есік алдында тайып құлаған. Ауыл тұрғынын дереу ауруханаға жеткізгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектеп мұғалімін аудандық ауруханаға әкелгенде жағдайы өте ауыр болған. Үшінші дәрежелі комаға түскен науқас 4 тәулік бойы тыныс алу аппаратының көмегімен жатыпты. Облыс орталығына әкеліп, ота жасауға денсаулығы көтермеген. Сондықтан, санитарлық авиация арқылы нейрохирургтер аудан орталығына барып кеңес берген. Жабық бас ми жарақатын алған әйел есін жимастан, бақилық болды. Марқұм отбасылы, төрт баланың анасы.

Айта кетейік, көктайғақтың салдарынан соңғы үш тәулікте Ақтөбеде 235 адам зардап шекті. Оның 35-і әртүрлі сынықтармен ауруханаға жатқызылған. Жарақат пунктіндегілер пациенттердің көп болғаны соншалық, ем-дом жасап үлгере алмағандықтарын айтып отыр. Қазір жағдай тұрақталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети