27 шілде 2021 09:00

Ақтөбе облысында бір тәулікте үш адам суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: pixabay.com Иллюстрациялық фото: pixabay.com

ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысында кейінгі тәулікте үш адам суға батқан. Қайғылы оқиғалар жабдықталмаған жағажайларда, сондай-ақ балық аулау кезінде болған, - деп хабарлайды "Хабар 24".


ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысында кейінгі тәулікте үш адам суға батқан. Қайғылы оқиғалар жабдықталмаған жағажайларда, сондай-ақ балық аулау кезінде болған, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Темір ауданында 1976 жылы туған ер адам қайық аударылуы салдарынан суға батып кетті. Түнде төрт балықшы отырған моторлы қайық аударылған. Үш адам жағаға жүзіп шыққан, ал төртіншісі суға батып кеткен.

Мәртөк ауданындағы Ілек өзенінде тағы бір қайғылы оқиға болды. Онда 18 жастағы қыз суға батып кетті. Оның мәйіті 2,5 метр тереңнен табылды.

Ведомство өкілдері өткен демалыста Қазақстанның су қоймаларында 14 адам суға батып кеткенін, оның төртеуі балалар екенін хабарлады.

ТЖМ мәліметтері бойынша, шомылу маусымы басталғаннан бері республиканың су қоймаларында 224 адам суға батып кеткен, 30-дан аса қайғылы оқиға балаларын қараусыз қалдырған ата-аналар кінәсінен болған. Тағы 47 адам мас күйінде суға батып қаза тапқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети