Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Астана қаласындағы медициналық орталықтардың жетекші мамандарымен жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Астана қаласындағы медициналық орталықтардың жетекші мамандарымен жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалармен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ДСМ мәліметінше, мамандар жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккен барлық баланы қарап шыққан, науқастарды емдеу мен жүргізудің одан әрі тактикасы туралы келісімге келді.
"Зардап шеккен балалардың туыстарымен әңгіме жүргізіліп, балалардың қазіргі жағдайы, көрсетілген ем көлемі, зардап шеккендерді одан әрі қарау шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ, республикалық мамандар облыстық балалар стационарының медицина қызметкерлері көрсеткен шұғыл медициналық көмектің жоғары деңгейі мен уақтылылығын атап өтті", - делінген хабарламада.
Жаттықтырушының жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр, көпсалалы облыстық аурухананың мамандары М.Оспанов атындағы БҚМУ профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен консилиум өткізген. Сонымен қатар, пациентті одан әрі қарау тактикасын келісу үшін Нейрохирургия орталығының (Астана) мамандарымен телемедициналық кеңес өткізілді.
Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.
Еске салайық, 17 желтоқсанда Ақтөбеде балалар жаттықтырушымен келе жатқан көлік апатқа ұшырап, бір бала қаза тапқан болатын. Салонда 11 адам болған, оның ішінде 2010-2011 жылы туған тоғыз бала Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбеге волейбол жарысына бара жатқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!