17 ақпан 2017 | 01:20

Ақтөбе облысында ер адам өзін-өзі өртеп, аудандық ІІБ ғимаратына кіріп келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы Ембі қаласының 39 жастағы жергілікті тұрғыны үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп, аудандық ІІБ ғимаратына кірмекші болған, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысы Ембі қаласының 39 жастағы жергілікті тұрғыны үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеп, аудандық ІІБ ғимаратына кірмекші болған, - деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға осы жексенбіде түнгі уақытта болған. "Түнгі сағат 2.45-те Ембі қалалық полиция бөлімінің ғимаратына белгісіз бір ер адам кіріп келген. Оның үсті отқа оранған. Содан кезекші жасақ екі өрт сөндіргіштің көмегімен өртті тоқтатып, жедел жәрдемді шақырған. Бірақ ер адам жедел жәрдем келгенше, оқиға орнында қаза тапқан", - делінген хабарламада.

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу қорытындысы бойынша, ер адамның отбасындағы жағдайға байланысты осындай әрекетке барғаны анықталды. Сондай-ақ, 2 ақпанда марқұмның әйелінің қайтыс болғаны белгілі болды. Ал өз-өзіне қол жұмсағысы келетіні жайлы ол туыстарына осы қайғылы оқиғаға 2 сағат қалғанда ғана айтқан екен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети