Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапты видео кадры

Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 қазанда Самара-Шымкент тасжолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен ГАЗель соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

"Жол апаты салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен ГАЗель көлігінің 10 жолаушысы қаза тапты, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл оқиға бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. ГАЗель жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенев ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан", - деді Ақтөбе облыстық ПД өкілі.

Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау және тергеу жүргізу үшін ІІМ орталық аппаратының арнайы тобы әуе бортымен жөнелтілген.

"Ішкі істер министрі тергеу барысын жеке бақылауға алды. Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі, соның ішінде мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да қолдау көрсетіледі", - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети