Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты © polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апаты болып, салдарынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жол апаты болып, салдарынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы 25 ақпанда сағат 13:00 шамасында Өлке кенті ауданындағы "Қарабұтақ-Қостанай" автожолында болған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, армян есебіндегі "Honda" (минивэн) автокөлігі қарсы келе жатқан жолаққа шығып, Volvo (фура) жүк көлігімен соқтығысқан. Volvo тізгінінде Алматы облысының 52 жастағы тұрғыны болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Honda" автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жолаушылар Тәжікстан азаматы екені анықталған. 

"Полиция департаменті тағы да жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі туралы, сондай-ақ жол белгілерінің талаптарын сақтау керегін ескертеді", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети