Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ірі жол апаты 13 маусым күні таңғы сағат 10-ның шамасында Ақтөбе - Астрахань тасжолында Ақтөбе облысындағы Алға қаласынан 5 шақырым жерде болған. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Seat Toledo автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып Оpel Vectra көлігін соққан. Белгілісі, автокөліктердегі 5 жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір әйел ауруханада көз жұмған. Қазіргі таңда қалған төрт адам ауруханада жатыр.
Жол-көлік апаты болған жерде тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Кейбір ақпарат көздері таратқан хабарға қарағанда, Ақтөбе облысындағы жол апатына ұшыраған жолаушылар арасында 2 бала бар көрінеді.
Таяуда Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстанның тасжолдарында жол-көлік апаттарының азайғаны туралы мәлімдеген болатын. "2014 жылдың 5 айында республикалық автожолдарда 625 жол апаты болған. Бұл көрсеткіш 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7 пайызға кеміген", - дейді министрліктегілер.