28 қараша 2020 13:33

Ақтөбе облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық сурет ©Тұрар Қазанғапов

27 қарашада "Ақтөбе-Орск" республикалық маңызы бар тас жолының Қосестек ауылының тұсындағы учаскеде жол апаты болды, салдарынан соқтығысқан көліктердің біреуінің жолаушысы оқиға болған жерде көз жұмды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Toyota Previa автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі LADA Largus көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан LADA жүргізушісі, сондай-ақ 42 және 57 жастағы екі әйел Қарғалы ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Ал 54 жастағы тағы бір жолаушы апат орнында көз жұмды. 

Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети