14 ақпан 2022 13:11

Ақтөбе облысында жол апатынан көлік екіге бөлініп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысында жол апатынан көлік екіге бөлініп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе облысында жол апатынан көлік екіге бөлініп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 13 ақпанда Самара-Шымкент тасжолының 705-шақырымында болған.

"Жол апаты екі көліктің арасында болды. ВАЗ 21144 (Lada) маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолды және метеорологиялық жағдайды ескермей, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Opel Vectra автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ВАЗ автокөлігі екіге бөлініп қалған", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ВАЗ жүргізушісі зардап шекпеген. Opel Vectra жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттарына байланысты жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети