Ақтөбе облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті Видео кадры

Ақтөбе облысында Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі су астына түсіп кетті. Құтқарушылар арнайы техника көмегімен көлікті судан шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі су астына түсіп кетті. Құтқарушылар арнайы техника көмегімен көлікті судан шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, 28 желтоқсанда Land Cruiser көлігі Ақтөбедегі суқоймасы жағалауынан ұзап, 50 метр жерде мұз астына 2,5 метр тереңдікке түсіп кеткен.

"Балық аулауға барған жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып үлгерген. Жедел-құтқару жұмыстары нәтижесінде көлік судан шығарылды. Апат болған жерде мұздың қалыңдығы 5-7 сантиметр болған", - деді құтқарушылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqtóbe oblysynyń ТJD (@aqtobe_tjd)

Төтенше жағдайлар министрлігі мұз беріктігін соққымен тексеруге тыйым салынғанын, мұзда көлік жүргізу кезінде қауіпті аймақтар мен қалың қар басқан аумақтарды айналып өту керегін ескертті. Сонымен қатар, ведомство бұталар мен қамыстар маңында мұз жұқа және осал болатынын баса айтты.

"Қалыңдығы 10 сантиметрден кем емес мұз адам үшін, кемінде 20 сантиметр жеңіл автокөліктер үшін, кемінде 30 сантиметр жол талғамайтын көліктер үшін қауіпсіз саналады", - деді құтқарушылар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети