Ақтөбе облысында жүк пойызы 25 бас ешкі мен қойды қағып кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында жүк пойызы 25 бас ешкі мен қойды қағып кетті Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында жүк пойызы 25 ешкі мен қойды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында жүк пойызы 25 ешкі мен қойды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында болған. Жүк пойызының машинисі темір жолдарда жануарлардың болуына байланысты соқтығысуды болдырмау мақсатында шұғыл тежеуді қолданғаны айтылды.

Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған, пойыз 25 ешкі мен қойды қағып кетті. Оның 20-сы өлді.

"Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутқа созылған. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иесін анықтады. Ол Ақтөбе облысының 64 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети