18 маусым 2015 10:48

Ақтөбе облысында жүкті түлек дәрі ішіп өлмекші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© indi-go.net.ua © indi-go.net.ua

Ақтөбе облысында жүкті түлек дәрі ішіп өлмекші болды, - деп хабарлайды "Мой город".


Ақтөбе облысында жүкті түлек дәрі ішіп өлмекші болды, - деп хабарлайды "Мой город".

Порталдың мәліметінше, Шалқар ауданының Жаңақоныс ауылында тұратын 17 жастағы қыз белгісіз дәрі-дәрмектерді ішіп, комаға түсті. Кейін мектеп түлегінің жүкті екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз әкесінен қорқып, өмірмен қош айтысқысы келген. Ол аудандық ауруханаға 15 маусымда жеткізілді.

"Ол комада болды, неден уланғаны түсініксіз. Оны бізге ауылдың "жедел жәрдемі" алып келді. Қыз таяуда мектеп бітірген, ҰБТ тапсырған, қазір жүктіліктің төртінші айында. Біз оны 17 маусымда санавиациямен Ақтөбеге жібердік", -дейді дәрігерлер.

Түлек алдымен балалар ауруханасына жатқызылған. Бірақ дәрігерлер оның жүкті екенін анықтағаннан кейін Новое селосындағы облыстық ауруханаға жіберді.

"Ол жақтағы дәрігерлердің айтуынша, уланған қызда - команың 3 дәрежесі, жағдайы ауыр. Қыздың анасы медбике және ол жүктілік туралы білген. Ал әкесі білмепті, ол тым қатал адам көрінеді. Қыз әкесінен қорқып дәрі ішкен", - делінген жарияланымда.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети