Ақтөбе облысында мектептен 10-сынып оқушысы өлі табылды, - деп хабарлайды aktobetimes.kz.
Ақтөбе облысында мектептен 10-сынып оқушысы өлі табылды, - деп хабарлайды aktobetimes.kz.
"28 қарашада 9.30-ла Шалқар қаласындағы №8 мектепті киім ауыстыру бөлмесінде 10-сынып оқушысының мәйіті табылды", - деп хабарлаған ІІД өкілдері.
Шалқар аудандық білім бөлімінің өкілдері жасөспірімнің өлімін растады.
"Сол күні бір салтанатты шара өтуі тиіс сияқты еді. Дайындық басында оқушы Жылқыбайдың жағдайы нашарлап кеткен. Ол киім ауыстыру бөлмесінде талып қалған. Жанында медбике болды, алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдем шақырды. Бірақ олар келгенше оқушының жүрек талмасы басталды. Қайтыс болды", деп хабарлады білім бөліміндегілер.