Ақтөбе облысында оқушы қайтыс болды: жұмбақ өлімнің мән-жайы тергеліп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында оқушы қайтыс болды: жұмбақ өлімнің мән-жайы тергеліп жатыр © ktk.kz

Ақтөбе облысында 15 жастағы мектеп оқушысы қайтыс болды. Жұмбақ өлімнің мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 15 жастағы мектеп оқушысы қайтыс болды. Жұмбақ өлімнің мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Шалқар ауданы, Айшуақ ауылында болған. Полицейлер мәліметінше, марқұм 9-сынып оқушысы 11-сынып оқушылары қасында болған. Жасөспірімдер ішімдік ішкен және бір кезде олардың арасында жанжал туындаған болуы мүмкін.

Қайтыс болған баланы мектеп оқушылары ауылдағы дәрігерлік амбулаторияға өздері әкелген. Бірақ дәрігерлер көмектесе алмаған.

Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық ізі табылмаған. Дегенмен, полицейлердің айтуынша, бұл іске күдікті - 11-сынып оқушысы. 9-сынып оқушысының жүрегі ауырғаны белгілі - ол есепте тұрған. Өлімге не себеп болғаны тергеудің соңында белгілі болады.

"Кәмелетке толмаған баланың зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіті табылды. Дерек бойынша соталды тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Қылмыстық істі тергеу аясындағы өзге де мәлімет жарияланбайды", - деді Ақтөбе облысы ДП баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети