Ақтөбе облысында шетелдіктер көлік ішінде отырып уланып қалған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында шетелдіктер көлік ішінде отырып уланып қалған Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысында Тәжікстан азаматтары улы газ салдарынан уланып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында Тәжікстан азаматтары улы газ салдарынан уланып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

9 наурызда Тәжікстанның екі азаматы өздерінің "Газелімен" Ақтөбеден Әлімбетовтегі шекара бекетіне шыққан. Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар шекарадан өтпеген. Тәжікстан азаматтары Ақтөбеге оралуға шешім қабылдаған, онда олардың туыстары болған. Жолда олармен байланыс үзілген.

"Далада жел күшейіп, күн суытып кетті. Алаңдаған туыстары 102-ге хабарласты. Патрульдік полиция ротасының экипажы дереу із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге шықты. Түн жарымда солтүстік айналма жолдың 12-шақырымында "Исламбұлақ" кемпингіндегі автотұрақтан олардың көлігін табылды.

Жүргізуші мен жолаушы көлік ішінде болған. Олар улы газ салдарынан уланып қалған", - деді полиция қызметкері.

Тәртіп сақшылары зардап шеккендерді көліктен шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігерлерді шақырған. Олар жансақтау бөліміне жатқызылған.

Тәртіп сақшылары көлікте түнеген кезде оқтын-оқтын көлік ішін жылытып, ұйықтап жатқанда, моторды өшіріп тұру қажет екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети