1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтөбе облысында тасжолда өзбекстандықтар отырған автобус аударылып кетті 26 ақпан 2018, 11:44

Ақтөбе облысында өзбекстандықтар отырған жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© pixabay.com © pixabay.com

Ақтөбе облысында өзбекстандықтар отырған жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы 25 ақпанда шамамен сағат 20.40-та Хромтау ауданы Самара-Шымкент тасжолында болған.

"Mercedes көлігінің 35 жастағы жүргізушісі, ОҚО тұрғыны Ақтөбеден Хромтау ауданына бара жатқан жолда көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың шетіне қарай ұшып аударылып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 жолаушы зардап шекті. Олар, Өзбекстан азаматтары, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Автобуста барлығы 25 жолаушы болған", - деп хабарлады полициядағылар.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу басталды.



Join Telegram