Ақтөбе облысында түлкі баланы тістеп алған: ауылда карантин жарияланады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында түлкі баланы тістеп алған: ауылда карантин жарияланады фото:elements.envato.com

Ақтөбе облысында баланы тістеген түлкіден құтырма ауруы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында баланы тістеген түлкіден құтырма ауруы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы өкілдері мәлімдеді. Басылым мәліметінше, сараптама нәтижесі 17 шілдеде белгілі болған.

4 шілдеде Қобды ауданында баланы тістеп алған өлтірілген түлкінің басы ветеринарлық зертханаға сараптамаға жіберілді. Кейін Жаманкөл ауылында карантин жарияланды, ол 21 күнге созылады.

Еске салайық, 4 шілдеде түлкі тістеп алған 4 жасар бала Қобды аудандық ауруханасына шұғыл жеткізілген еді. Оның маңдайында, мұрнында жаралар, аяқтарда сызаттар болған. Оқиға Жарық ауылындағы өзен жағасында, бала әкесі мен анасының жанында болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, түлкі өлтірілді.

"Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Жаралар емделіп, тігілді, бала құтырмаға қарсы екпе алды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Ветеринария бөлімі түлкінің құтыру ауруына тексерілгенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети