Ақтөбе облысындағы жол апаты бойынша үкіметтік комиссия құрылды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы жол апаты бойынша үкіметтік комиссия құрылды ІІМ

Ақтөбе облысында болған жол апатының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында болған жол апатының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол апатының себептерін тергеу жөнінде Үкіметтік комиссия құрылды.

"Премьер-министр комиссияға жұмысын дереу бастауды, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына бірінші кезектегі көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін комиссия құрамында Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің жетекшілері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы бар.

Еске салайық, бүгін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 513.55  course down  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети