Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласы және Мұғалжар ауданында су басуға байланысты төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің басшысы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді.
Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласы және Мұғалжар ауданында су басуға байланысты төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің басшысы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді.
Ауданда 10 жеке үйді және де 47 аулалы жерді су басқан. Сонымен қатар, 2 су өткізу қондырғысы шайылып кеткен. Сыздықовтың айтуынша, төтенше жағдай режимі су басу қаупі толығымен ауыздықталғаннан кейін алынады. Су өткізу қондырғысы шайылғандығына байланысты көліктер мен адамдар қозғалысы бірте-бірте қалпына келтірілуде.
Ақтөбе облысында осы аптаның соңына дейін жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Облыс орталығында көшелерден су сору жұмыстары жүргізілуде, қазірде 40 адам мен 25 техника жұмылдырылған.
Еске салайық, ауданда жауған жаңбырдың деңгейі 3,5 асып түскен. Топырақты су басудан № 3 мектеп-гимназиясын және "Самал" балабақшасының жертөлесін су басқан. Интернациональная және Сейфуллин көшелерінде орналасқан су өткізу қондырғылары шайылып кеткен. Оқиға орнында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жаңабай бексары, Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов және облыстық ТЖД басшысы Бауыржан Сыздықов болды. Жедел штаб құрылды.
Осыған дейін, Қандыағаш қаласында нөсерлеп жауған жауынның суы көпірді шайып кеткен. "Қандыағаш қаласы "Балабақшаға жол", "пятактан" "горгазға" дейінгі жол. Көпірді су түбімен шайып кетті, екі жақтан да жол патрульдік қызметі қызметкерлері күзетуде және ешкімді жібермей отыр", - деп жазылған Instagram желісіндегі "Водители Актобе" Zello парақшасындағы видеоның анықтамасында. Қандыағаш қаласының әкімі Ербол Данағұловтың айтуынша, су өткізу қондырғылары шайылып кеткен. Ол су өткізу қондырғысын жөндеуге екі апта уақыт кететіндігін және осы мәселені комиссия шешетіндігін айтты.