Ақтөбеде бір ер адам полицияға қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратын жарып жіберетінін айтып, қоңырау шалған, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға 1 қаңтар күні болған.
Ақтөбеде бір ер адам полицияға қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратын жарып жіберетінін айтып, қоңырау шалған, - деп хабарлайды "Мой город". Оқиға 1 қаңтар күні болған.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабар келісімен полицияның жеке құрамы түгел аяғынан тік тұрған. Құқық қорғау қызметкерлері телефон лаңкесінің кім екенін бірден анықтады, ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының жарылатынын хабарлаған кезде мас болған. Полицейлер оның ұялы телефоны мен SIM-картасын алып қойды.
Бұл дерек бойынша "Терроризм акті туралы көпе-көрінеу жалған хабар беру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр.
Бұған дейін телефон терроризмі үшін бір жігіт сотталған еді. Ол ұялы байланыс операторларының бірінің қызмет көрсету орталығына жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Бірақ бұл хабар жалған болып шықты. Сот жігіттің сол кезде мас болғанын анықтады. Телефон лаңкесі кінәлі деп танылып, бостандығы екі жылға шектелді.