Ақтөбеде әжесі мен немересін көлік қағып кетті, қария көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.
Жол апаты 3 қыркүйекте шамамен 18:10-да "Әлия" базары маңында, Әлия Молдағұлова даңғылында болған.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті мәліметінше, Lada-21901 автокөлігінің жүргізушісі Жұбановтар көшесі бағытына қарай жүріп бара жатып, 65 жастағы әйел мен оның тоғыз жастағы немересін қағып кеткен. Олар жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, онда зейнеткер алған жарақаттарынан көз жұмды.
Полиция өкілдері бұл факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын, көлік коммуналдық тұраққа қойылғанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!