Ақтөбеде автобус КамАЗ-бен соқтығысты: екі адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде автобус КамАЗ-бен соқтығысты: екі адам қаза болды Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында 12 адам отырған вахталық автобус КамАЗ-бен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында 12 адам отырған вахталық автобус КамАЗ-бен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласына жақын маңдағы "Покровка-Жаңажол" тасжолында жол-көлік оқиғасы болған.

Оқиға 17 желтоқсанда сағат 18:45-те болған. "Мұнай компаниясына тиесілі "ПАЗ" маркалы автокөлігінің 59 жастағы жүргізушісі (вахта, салонда 12 адам болған) Жарқамыс аулынан Ақтөбе бағытында облыстық маңызы бар "Покровка-Жаңажол" автожолының 13-шақырымында жүріп бара жатып, қозғалысқа кедергі мен қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендету шараларын қабылдамай, жол бойында тұрған "КАМАЗ" маркалы автокөлікпен соқтығысты", - делінген хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, үшеуі Қандыағаш қаласының орталық ауруханасына түрлі жарақатпен жатқызылды. Оқиға дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: Ақтөбе облыстық ПД.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети