Ақтөбеде №29 бағыттағы автобус "КамАЗ" жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтар".
Ақтөбеде №29 бағыттағы автобус "КамАЗ" жүк көлігімен соқтығысып, бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтар".
Оқиға 25 маусымда Қызылжар елді-мекенінің аумағында болды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бірнеше адам ауруханаға жеткізілген.
"Жол-көлік оқиғасынан жедел жәрдем ауруханасына тоғыз адам түсті. Тек 56 жастағы әйел адамның жарақаты ауыр. Оның миы шайқалып, қабырғасы сынып, өкпесінен жарақат алған. Қазір ауруханада ем алып жатыр. Жеткізілген тағы бір адам хирургия бөліміне алынды. Қалған жеті адам үйлеріне жіберілді", - деп хабарлайды жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Азамат Әскербекұлы.
ІІД жол-көлік оқиғасында қатысты қылмыстық іс қозғалды
"15 адам зардап шекті. Оның үшеуі кәмелеттік жасқа болмаған. Бір адам қаза болды. Оқиға орнында тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.