Автокөлік жуу мекемесінің екі қызметкері Toyota Camry және Hundai автокөліктерін мініп, қала ішінде жарысқан. Қобда тасжолына жеткенде олар бір-біріне соқтығысып, үшінші "ВАЗ" автокөлігіне соқтығысқан, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Жол-көлік оқиғасы салдарынан "ВАЗ" көлігінде отырған кәмелетке толмаған жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Hundai тізгінінде болған жігітті жедел жәрдем алып кетті.
"Полиция тауартану сараптамасын тағайындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы ("Автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.