17 қыркүйек 2018 11:53

Ақтөбеде бензин тасымалдайтын көлік жарылысынан кейін ауруханада екі адам қайтыс болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ob-zor.ru © ob-zor.ru

Ақтөбеде бензин тасымалдайтын көлік жарылысынан кейін зардап шеккен екі оператор көз жұмды. Оның бірі 30 жастағы ер адам 15 қыркүйекте және 55 жастағы әйел 17 қыркүйекте қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақтөбеде бензин тасымалдайтын көлік жарылысынан кейін зардап шеккен екі оператор көз жұмды. Оның бірі 30 жастағы ер адам 15 қыркүйекте және 55 жастағы әйел 17 қыркүйекте қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жарылыс 10 қыркүйекте өндірістік аймақта болған. Нәтижесінде бензин құятын екі оператор зардап шеккен. Олар жансақтау бөлімінде болған. Бензин тасымалдау көлігінің жүргізушісі Болат Сәрсенов те күйіп қалған. 

"Термикалық күйік шалған екі науқас та қайтыс болды. Ер адам 15 қыркүйекте кешке, ал әйел бүгін таңертең қайтыс болды. Ер адамның денесі мен жоғарғы тыныс жолдарын термикалық күйік шалған, денесінің 65-70 пайызы күйген. Әйелді 2-3 дәрежелі күйік шалған", - деді жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов.

Үшінші зардап шеккен - бензин тасымалдаушы көліктің жүргізушісі Болат Сәрсенов қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Оның жағдайы тұрақты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети