Ақтөбеде бір қызды тізерлетіп кешірім сұратқандар онымен ВКонтакте желісінде дауласып қалған. Бұл оқиға туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақтөбе облысының ІІД өкілдері хабарлады.
Ақтөбеде бір қызды тізерлетіп кешірім сұратқандар онымен ВКонтакте желісінде дауласып қалған. Бұл оқиға туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақтөбе облысының ІІД өкілдері хабарлады.
Бұған дейін қатарластарын тізерлетіп кешірім сұратқан қыздардың аты-жөндерінің анықталғаны белгілі болғаны хабарланған еді. Оқиға өткен жылы мамыр айында Ақтөбе қаласында болыпты. Видеодағылардың мектеп оқушылары екені айтылды.
"2015 жылдың 20 маусымында Ақтөбе облысының ішкі істер департаментіне Ақтөбенің кафелерінің бірінде жұмыс істейтін 24 жастағы Гүлмира есімді қыз хабарласып, бір қызды қорлап, қорқытқан белгісіздерге шара қолдануды сұрады. Бұл дерек соталды Бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді", - деп хабарлады ІІД өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында.
Олардың арасындағы даудың видеоға түсірілген оқиғаға дейін болғаны анықталды. Гүлмира бұл оқиғадан бір жыл бұрын ВКонтакте желісінде ролик кейіпкері болған қыздармен танысқанын айтып берді. Біршама уақыт өткеннен кейін ол қыздың құрбыларын кездестірген. Олар дауласып, бір-бірін қорқытып, кейін тарасып кеткен.
Бұл видео өткен жылдың шілде айында түсірілген - бұл Гүлмираның роликтегі қыздармен екінші кездесуі. Қыздар онымен кездесіп, кешірім сұрауын және моральдық шығын ретінде 20 мың теңге талап етіпті. Бұдан кейін қыздардың бірі Гүлмираның тізерлеп отыруын айтады. Бұл сәтті тағы бір қыз видеоға түсіре бастапты.
Даулы видеодағы қыздардың Ақтөбе қаласының 1995 жылғы қыздары екені анықталып отыр. Олардан құқығы бар куәгерлер ретінде жауап алынды. Олар қаладағы кафелердің бірінде даяшы болып қызмет атқарады. Жауап алу кезінде олар 2014 жылдың мамыр айында ВКонтакте желісінде ертеде танысқан Гүлмира есімді қыздар қорлау мәндегі хабарламалар алғанын мәлімдеді.
Іс материалдарына қарағанда, қыздар Гүлмираға егер мазалауын қоймаса, видеоны Интернетке жүктейтінін айтқан. "Алайда Гүлмира оларды мазақтауды жалғастыра берген, осыған байланысты қыздар бұл видеоны интернетке жүктеп, кейін оны өздері өшіріп тастаған", - делінген хабарламада.
"Қазіргі уақытта соталды тергеу шаралары жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша осы айтылған тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.