Ақтөбеде соққан жел екі құрылыс кранын құлатты, соның салдарынан қарсы беттегі үйдің балкондары мен терезелері қирады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі @zello.aktobe аккаунтында жарияланды.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі оқиғаның 12.26-да болғанын айтып, желдің жылдамдығы секундына 18 метр болғанын хабарлады.
"Құрылыс алаңында қатты соққан желдің салдарынан екі үлкен кран құлады. Соның салдарынан салынып жатқан тоғызқабатты үйдің лоджиялары мен бірінші қабаттағы пәтердің терезелері бүлінген. Зардап шеккендер жоқ", - делінген баспасөз қызметінің хбарламасында.
Айта кетейік, желдің жылдамдығы секундына 20 метр болуына байланысты Ақтөбеде ескерту жарияланды.
Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!