Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Ақтөбеде ер адам баспалдақтан тайып құлап, мерт болды 25 қараша 2022, 10:36

Ақтөбеде 51 жастағы ер адам баспалдақтан тайғанап мерт болды, - деп хабарлайды "Диапазон".
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:diapazon.kz Фото:diapazon.kz

Ақтөбеде 51 жастағы ер адам баспалдақтан тайғанап мерт болды, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылым мәліметінше, оқиға 17 қарашада таңертеңгі уақытта болған. Қайғылы оқиға тұрғын үйдегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Марқұмның көршісі басылымға оқиға қалай болғанын айтып берген.

"Оқиға таңертең болған. Видеодан Ерлан баспалдақпен түсіп келе жатып тайғанап құлап түскенін көрдік", - дейді марқұмның көршісі Игорь Снаткин.

Оның айтуынша, бұл подъездегі баспалдақ тік болған. Тек бір жағында тұтқасы болған. Бірақ ол төмен түскенде төртінші баспалдақтан басталады екен. Ал марқұм оны ұстап үлгермеген. Баспалдақтағы мұз тазаланбаған, оның үстіне, мұздан қорғайтын жапсырмалар жоқ болып шыққан.

"Қайғылы оқиғадан кейін жедел жәрдем мен полиция келді. Кешке дейін баспалдақ қан болып жатты. Оны ешкім жумады. Біз ПИК-ке айына 300-500 мың төлейміз, бірақ ештеңе істеліп жатқан жоқ", - дейді көршілер.

Ал тұрғын үй инспекциясы өкілдері аула ішіндегі аумақтар қар мен мұздан асфальтқа дейін тазалануы тиіс екенін айтады.

"Қыста ғимараттар иелері мен жалға берушілері баспалдақтарды, пандустар мен шатырларды қар мен мұздан тазартуды ұйымдастыруы керек. Қайғылы жағдайдың түпкілікті себебін тергеу қорытындысы бойынша ішкі істер органдары анықтайтын болады", - деді Ақтөбе тұрғын үй инспекциясы өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram