Ақтөбеде науқас әйелдің жолдасы жедел жәрдем станциясының фельдшерін соққыға жықпақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбеде науқас әйелдің жолдасы жедел жәрдем станциясының фельдшерін соққыға жықпақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыс орталығынан 15-20 шақырым қашықтықта орналасқан Құрайлы ауылының тұрғыны жедел жәрдем бригадасын балағат сөздермен және ашумен қарсы алды. Кейін дәрігерлердің 2 сағатқа кешіккендері анықталды, бірақ бригаданың бұған кінәсі болмаған: хабар келіп түскеннен кейін олардың командасы науқасқа жеткенше 22 минут жұмсаған.
Фельдшердің науқасты тексеріп қана қоймай, оның жолдасының шабуылынан қорғануына тура келді. Айғай-шу, шабуыл мен балағат сөздер 50 жастағы әйелдің жағдайын нашарлата түсті. Оның қан қысымы 200-ге дейін көтерілді. Дәрілер әсер етуі үшін дәрігерлер ер адамды тыныштандыруға тырысты, алайда ол бірнеше рет шабуыл жасамақшы болды. Ол фельдшерді ұрмақшы болғанда ашуға булыққан ер адамды санитар ұстап тұрған. Дәрігерлердің айтуынша, сол күні 700 шақырту келіп түскен, ол күндегіден екі есе көп.
Жедел жәрдем станциясына жеткеннен кейін фельдшер полицияға шағымданды. Қазір бұл оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтап жатыр.