Ақтөбеде ер адам туыстарына хабарласып, көмек сұраған соң із-түссіз жоғалып кеткен

15 Қараша 2018, 09:27
0
Ақтөбеде ер адам туыстарына хабарласып, көмек сұраған соң із-түссіз жоғалып кеткен - © Timeskz.kz
© Timeskz.kz

Ақтөбеде ондаған құтқарушы, полицей мен ерікті осымен бесінші тәулік бойы ТЖД кезекшісі мен туыстарына хабарласып, көмек сұраған 54 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Times kz

Басылымның мәліметінше, Кенжебай Алдашев 9 қарашада таңғы сағат бестерде туыстарымен соңғы рет байланысқа шыққан.

"Әкем Заречный-2 ауылында тұрады, кішігірім фермасы бар, онда құстарды ұстайды. Сол күні ол фермада болатын, кейін нан алып келуге шығып, жол-жөнекей көршілеріне кіріп шыққан. Жеңіл киініп алған, себебі жылы киімдері үйде қалған еді. Біз әкем көлікпен біреумен кетті деп ойлап отырмыз", - дейді Алдашевтың қызы Айжан.

Оның айтуынша, әкесі ағасына хабарласып, шұңқырға түсіп кеткенін айтқан.

"Аяғым былғанды! Ағаштан ұстап тұрмын", - деген ер адам телефонмен сөйлескен кезде.

"Әкем көліктердің гүрілін естіп жатқанын айтқан. Сосын ағам бірден ТЖД қызметкерлеріне хабарласты. Құтқарушылар әкеммен байланысқа шығыпты. Әкем оларға барлығын түсіндірген, бірақ кейін байланыс үзілген. Оны сол кезден бастап барлығымыз іздестіріп жатырмыз - туыстары, достары, құтқарушылар... ешқандай нәтиже жоқ. Картадан қарасақ, бір сим-карта оның Ақжарда екенін, ал екіншісі Ақшатта екенін көрсетіп тұр", - дейді Айжан.

РИКА-ТВ мәліметінше, қазіргі уақытта іздестіру жұмысатарына әскери бөлімнің бірінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Еріктілер іздестіру жұмыстарына атсалысқысы келетіндерге мына нөмір бойынша хабарласуды сұрайды: 8 707 883 97 77".

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай