Ақтөбеде ХҚКО-да 59 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Ақтөбеде ХҚКО-да 59 жастағы ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бүгін, 2017 жылдың 20 қарашасында Ақтөбе қаласындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында 1958 жылғы ер адамның қаза болғанын хабарлайды", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Ер адам ХҚКО-ға мемлекеттік қызмет түрін рәсімдеу үшін сағат 15.52-де (Ақтөбе уақыты бойынша сағат 14.52-де) келіп, оператордан талон алған.
"4 минуттан соң оны өтінішін рәсімдеу үшін шақырған. Бірақ ер адам операторға жеткенше есінен таңып қалған. ХҚКО қызметкерлері реанимациялық көлік шақырып, жедел жәрдем келгенше алғашқы көмекті көрсетпекші болды. 10 минут ішінде келген жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның өлімін тіркеді", - деп түсіндірді мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіндегілер.
"Дәрігерлердің алдын ала нұсқасына қарағанда, ер адам тромбоэмболияның салдарынан қайтыс болды. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қаза болған ер адамның жақындары мен туыстарына көңіл айтады", - деді корпорацияның баспасөз қызметі.