Ақтөбеде жаппай төбелестің салдарынан бес адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбеде жаппай төбелестің салдарынан бес адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаладағы түнгі клубтардың бірінде жігіттер топ болып төбелескен. Қазір тергеушілер 21-23 жастағы тұрғындардың не себепті өзара өштескенін анықтап жатыр. Қазіргі уақытта жігіттердің бәрінің сол кезде алкогольден орташа деңгейде масайғаны белгілі болып отыр.
Төбелеске қатысушылар атыс қаруы мен пышақ қолданған. Соның кесірінен бес адам ауруханаға түсті, олардың кейбірі бассүйек-ми жарақатын алса, енді біріне бытыра тиген, тағы бірқатары пышаққа жығылған. Үш жігіт полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткені үшін әкімшілік қамау мекемесіне жатқызылды.
Бұл оқиға бойынша "Қаруды немесе денсаулыққа нұқсан келтіру үшін арнайы бейімделген басқа да құралдарды қолданып жасалған бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін Ақтөбедегі базарлардың бірінде де жаппай төбелес болған еді. Тәртіп сақшылары ол кезде 70 адамды ұстады. Оқиға орнына келген полицейлер 31 жастағы қала тұрғынын 10 адамның тепкілеп жатқанын көрген. Ұсталғандар ұялы телефон сатушылар болып шықты.