24 қараша 2014 | 14:45

Ақтөбеде жарты жыл бұрын жоғалып кеткен әскери тірі күйінде табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Сұрағанов. ©Mgorod.kz Арман Сұрағанов. ©Mgorod.kz

Ақтөбеде жарты жыл бұрын жоғалып кеткен әскери комиссариаттың қызметкері тірі күйінде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін осы жылдың көктемінде 33 жастағы Арман Сұрағановтың жұмыс уақытында жоғалып кеткені хабарланған еді. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде жарты жыл бұрын жоғалып кеткен әскери комиссариаттың қызметкері тірі күйінде табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін осы жылдың көктемінде 33 жастағы Арман Сұрағановтың жұмыс уақытында жоғалып кеткені хабарланған еді. 

Жоғалып кеткен сержант 23 қарашада Хромтауға жақын жерден табылды. Сұрағановтың туыстарының айтуынша, Самара - Шымкент тас жолында ішкиіммен кетіп бара жатқан ер адамды шопан тауып алған. Қойшы полицияға күмәнді адам жайлы хабар береді. "Ол қатты жүдеп кеткен, тырнағы өсіп, шашы иығына дейін жеткен, оның үсті-басы лас болды, ал бастысы ол тірі", - деді сержанттың туысқаны Еркін Таласбаев. Оның пікірінше, әскери комиссариаттың қызметкерін біреулер осы уақыт бойы күштеп ұстап келген.  

Қазіргі уақытта Арман Сұрағанов үйіне жеткізілді, ол денсаулығы жақсы екенін айтты. Сержанттың туысқандары оның денсаулығы жақсы әрі тірі табылғанына орай садақа бергелі жатыр. Туысқандары оның аман-есен оралатынына сенбепті. Полицейлер қылмыстық іс тергеуі мен табылған қызметкердің өзінің мүддесіне байланысты пікір білдіруден бас тартып, болған оқиғаның жай-жапсарын айтпай отыр.  

Еске сала кетейік, әскери комиссариаттың қызметкері кезекші постынан 2014 жылдың 15 мамырында белгісіз себептермен жоғалып кеткен болатын. Оның жоғалуынан кейін жұмыс орны қаралып, онда әлдекімдердің төбелескен іздері табылды. Кабинетте төгілген қан ізі табылып, заттар шашылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети