Ақтөбеде жеті жасар қыз қайтыс болды: Дәрігерлер өлім себебін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадрлары Видео кадрлары

Ақтөбеде қыз бала жедел жәрдем келгенге дейін тілін жұтып қойып, тұншығып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таяуда оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде қыз бала жедел жәрдем келгенге дейін тілін жұтып қойып, тұншығып қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таяуда оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. 

Жеті жасар қыз Нұр Ақтөбе тұрғын массивінде қайтыс болды. Видеодан дәрігерлер келгенде баланың ес-түссіз жатқаны көрінеді. Дәрігерлер оның жүрек қағысын тексеріп жатқан уақытта видеоға түсіріп тұрған көршілер қоңырау шалғаннан кейін 40 минуттан кейін келген жедел жәрдем қызметкерлерін кешіккені үшін айыптап жатыр. Олардың айтуынша, қыз баланың дене қызуы көтеріліп, сіңірі тартылғаннан кейін, есінен танып қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство басшысының орынбасарының айтуынша, жедел жәрдем шын мәнінде оқиға орнына 49 минутқа кешігіп барған. Шенеунік бұған екі себеп атады.

"Шын мәнінде жедел жәрдем кешігіп барған. Бұған екі себеп бар. Біріншісі - адамдық фактор, себебі қоңырау шалған кезде қабылдаған диспетчер жоғары температура дегенді елемеген, сол себепті жедел бармаған. Екіншісі - мекенжайы дұрыс көрсетілмеген. Қоңырау шалған адам Нұрсити, 4 ықшамаудан деп көрсеткен, екінші рет нақтылап сұрағаннан кейін ғана оқиға орнына жету мүмкін болды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова. 

Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде қыздың өлімін тіркеген. Алдын ала болжам бойынша - тілін жұтып қою кезіндегі механикалық тұншығу.

"Көмек көрсету не көрсетпеу туралы. Дәрігерлер келген уақытта қыздың тырнақтары көгеріп, басы солға бұрылып қалған. Туыстары өздігінен көмек көрсетпекші болған. Олар ағаш қасықпен қыздың тілін тартпақшы болған. Амал не, дәрігерлер келгенге дейін қыздың сіңірі тартылып, қайтыс болған. Қыздың кейпінде қайтыс болған адамға тән симптомдар болған, сол себепті көмек көрсетілмеген", - деді Есенаманова. 

Сонымен қатар, видеоға түсірілген дәрігер жедел қызмет көрсету бригадасының тәртіптік ережесін қатаң бұзған - ол сөйлесіп, дауласқан. Дәрігер жұмыстан босатылды. 

"Денсаулық сақтау министрлігі тәуелсіз комиссия құрды. Соның нәтижесінде, жедел жәрдем қызметінің басшысы емдеу жұмыстарына толық жауап бере алмауы туралы мәселе көтерілді. Дәрігер тексеру аяқталғанға дейін жұмыстан босатылады", - деді шенеунік.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer