Ақтөбе облысында құтқару пунктінде дүниеге келген егіз қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе облысында құтқару пунктінде дүниеге келген егіз қыз қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыздардың әкесі Нұржан Шәріповтің айтуынша, егіз қыз 21 маусымда жол бойындағы "Қарабұтақ" медициналық-құтқару пунктінде дүниеге келген. Төрт күннен кейін 25 маусымда қыздың біреуі көз жұмған, ал екіншісі бүгін таңертең қайтыс болды.
Нұржан Шәріпов 21 маусымда әйелімен бірге Ақтөбеден Ырғыз аудандық орталығына медициналық тексеруден өту үшін барған. Әйелі жүктілігінің 7-айында болған. Сол жақта есепте тұрған. Қайтар кезде 24 жастағы келіншектің толғағы басталып кетіп, оны жедел түрде жол бойында "Қарабұтақ" медициналық-құтқару пунктіне жеткізген.
"Қыздарға есім қойып үлгердік. Үлкенін Еркем, ал екіншісін Көркем деп қойған едік. Салмақтары кішкентай болды, біреуі 200 грамм салмақ болды. Кеше түнгі екіде Көркем қайтыс болды, ал бүгін шамамен таңғы сағат 9-дарда үлкен қызымыз Еркем қайтыс болды", - дейді Нұржан Шәріпов.