28 ақпан 2024 | 09:50

Ақтөбеде қансырап жатқан қызға сенбеген ТЖД қызметкері сотқа жүгінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде көмекке шақырған жаралы қыздың өтінішін елемеген ТЖД диспетчеріне қатысты сот өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде көмекке шақырған жаралы қыздың өтінішін елемеген ТЖД диспетчеріне қатысты сот өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай қызметінің қызметкері қансыраған қызға үшінші рет хабарласқанда ғана сеніп, оқиға орнына жедел жәрдем шақырғаны үшін айыпталып отыр. Айыптаушы тарап бас бостандығын алты айға шектеуді, сондай-ақ тірі қалған қызға 5 миллион теңге төлеуді сұрайды.

"Баланың ойыны деп ойладым, менімен ойнап отыр деп. Сосын: "Бала, ойнама!" дедім, ол: "Мен ұл емеспін, мен қызбын" деді. Сот мырза, мені ақтауыңызды сұраймын, болашақта өртсөндіруші боламын деген арманымды бұзбаңыз", - деді сотталушы өз ұстанымын айтқанда.

Еске салайық, жантүршігерлік қылмыс 29 наурызға қараған түні Победа даңғылындағы №30 үйде болған. Сол кезде Екатерина Гетина мен оның 16 жастағы ұлы Вадим адам қолынан қаза тапты. Онда тек Екатеринаның 13 жастағы қызы София ғана аман қалды. Қылмыскер қызды ауыр жаралап, оны өлді деп ойлап, қылмыс орнынан қашып кеткен.

Сәуірдің аяғында ұсталған адам тергеу изоляторында асылып өлді, ол қалдырған хатында кісі өлтіруге қатысы бар адамның аты-жөнін айтқан. Марқұмның туыстары оның кінәсіздігін дәлелдемекші, сондықтан іс сотқа дейін жеткен.

Жақында 13 жастағы София сотта куәлік берді. Ол сотта таңғалдыратын мәліметтерді айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети