Ақтөбеде көлік қағып кеткен 41 жастағы әйел қайтыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 41 жастағы әйел қайтыс болды

Ақтөбеде мас жүргізуші 41 жастағы әйелді қағып кетті. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Диапазон".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде мас жүргізуші 41 жастағы әйелді қағып кетті. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Диапазон".

Ақтөбе облысының Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 11 маусымда Қонаев көшесінде болған. Lada Priora автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі жол ережесін бұзып, 41 жастағы әйелді қағып кеткен.

Жәбірленуші жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, кейін алған жарақаттарынан қайтыс болған. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші мас күйде болғаны анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл бапқа сәйкес, жүргізуші 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети