22 қараша 2022 09:09

Ақтөбеде көлік қағып өлтірген зейнеткердің туыстары куәгерлерді іздестіріп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Ақтөбеде белгісіз жүргізуші қағып кеткен зейнеткердің туыстары оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде белгісіз жүргізуші қағып кеткен зейнеткердің туыстары оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға 14 қарашада таңғы уақытта Молдағұлова даңғылында, "Альтаир" тұрғын үй кешенінің алдында болған. Сағат 7:40 шамасында егде жастағы әйел жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқанда белгісіз көлік қағып кеткен. Ол ауруханада қаза болған.

"Ресми түрде кінәлі әлі табылған жоқ. Сол күні таңертең сағат 8:20 шамасында маған ауруханадан қоңырау шалып, шұғыл келу керек екенін айтты. Медициналық мекемеде қызметкерлер анамды ер адам әкелгенін айтып, оны "Горка" кафесінің ауданында, жол жиегінен табылғанын айтты. Қызметкерлер ер адамның көлігіндегі майысқан іздерді көріп, полицияға хабарлаған.

Бұлай болуы мүмкін емес, өйткені бүгін таңертең анам Мәңгілік Ел көшесінің бойында орналасқан емханаға барды. Оның қолында қан анализін тапсыруға арналған нұсқаулар болды. Оның осы уақытта жолдан қалай өтіп бара жатқанын көрсететін видео жазба бар, аркадан кейін бірден жаяу жүргіншілер өткеліне шығады. Оның басқа жерде болуы мүмкін емес. Жүргізуші жазадан құтылып кетуі мүмкін, оның байланысы бар ма деп қорқамыз", - дейді туыстары.

Оқиға орны

Сондай-ақ, марқұмның туыстары оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр. Олардың айтуынша, оқиға қаланың адам көп жүретін басты көшелерінің бірінде болған.

"Осы жол-көлік оқиғасы туралы аз да болса ақпарат (фото, видео немесе куә) болса, жауап беруіңізді сұраймыз. Анонимділік пен марапатқа кепілдік береміз. Тел.: 8 701 804 7037, 8 771 160 03 00, 8 777 767 4909 ", - дейді туыстары.

Полицейлер бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлады.

"Иә, расында да жүргізуші оны ауруханаға жеткізген. Қалай болғанда да, қазір жүргізушінің осы жол-көлік оқиғасына қатысы бар-жоғын тексеріп жатырмыз", - деді Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети