Ақтөбеде көліктерді тонаумен айналысқан ұры-рецидивист ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде көліктерді тонаумен айналысқан ұры-рецидивист ұсталды Фото: polisia.kz

Ақтөбеде автокөліктерден бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан ұры-рецидивист құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Ақтөбеде автокөліктерден бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан ұры-рецидивист құрықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция бөліміне бірнеше тұрғын автокөліктерінен мүліктері ұрланғаны туралы арызданды. Ұры қала көшелеріне тұраққа қойылған автокөліктерге кіріп, ішінде қалдырылған заттарды жасырын алып кетумен айналысқан.

"Әмияндар, құжаттар, құрал-саймандар қобдишасы, тіпті көлікте қалдырылған киім-кешек те күдікті қолына өтіп отырған. Бірінде ұры көліктердің терезесін сындырса, бірде есіктерін ашып алу арқылы кіріп отырған. Осылайша, ол екі күннің ішінде 5 автокөліктен ұрлық жасап үлгерген", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталып, жуырда ғана жазасын өтеп шыққан 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Заттай айғақтар алынды. Күдікті кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.31  course up  567.34  course up  6.2  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети