Ақтөбеде құрылысшы 25 метр биіктіктен құлап мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде құрылысшы 25 метр биіктіктен құлап мерт болды

Ақтөбеде монтаждаушы 25 метр биіктіктен құлап мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АқтөбеТаймс" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде монтаждаушы 25 метр биіктіктен құлап мерт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АқтөбеТаймс" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, қайғылы жағдай Ақтөбенің №4 ферроқорытпа шығаратын балқытау цехінде болған.

"2018 жылдың 16 қарашасында Ақтөбенің №4 ферроқорытпа шығаратын балқытау цехіндегі учаскелердің бірінде қайғылы жағдай болды. "ГеоПроектСтрой ХХI" ЖШС мердігер ұйымының 42 жастағы қызметкері қаза болды", - деп хабарлады "Қазхром" АҚ корпоратив коммуникациялар қызметіндегілер.

Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлері келген.

"Бригада 23,8 метр жерде монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол сәтте монтаждаушы бір аумақтан екінші аумаққа өту кезінде құлап кеткен", - деді компаниядағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети