11 тамыз 2022 16:38

Ақтөбеде мас әйел баласын көшеде қалдырып кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:diapazon.kz Фото:diapazon.kz

Ақтөбеде мас әйел сәбиін орындыққа тастап, кетіп қалған. Оқиға 11 тамызға қараған түні болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.


Ақтөбеде мас әйел сәбиін орындыққа тастап, кетіп қалған. Оқиға 11 тамызға қараған түні болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, түнгі сағат бір шамасында әйел кезекші бөлімге бес айлық баланы алып келген. Ол бала 8 март көшесіндегі орындықта жылап жатқанын айтқан.

"Мен оның анасын мас күйде көрдім. Ол белгісіз бағытқа кетіп қалды, ал бала орындықта қалды", - деді әйел.

Ювенал полиция инспекторлары жедел жәрдем шақырған. Олар баланың денсаулығын тексерген, осылайша, баланы "Үміт" сәбилер үйіне апарған.

Шамамен бір сағаттан кейін полицияға 25 жастағы әйел телефон шалып, баласы жоғалып кеткенін айтқан. Полицейлер оны тауып, ағзадағы ішімдік деңгейіне сараптама жүргізіп, тұрмысы нашар отбасы ретінде есепке алған. Баланың әкесі туралы мәлімет жоқ.

Әйелдің тәртібі қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады. Ол комиссия шешімі бойынша ғана Нәресте үйінен баласын ала алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети